Мемлекет басшысының Жолдаудағы жаңа бастамаларынан Жаңа Қаратон жұрты да шет қалмады. Ауыл ардагерлері АЭС туралы пікірлерімен бөлісіп, дөңгелек үстел өткізді. Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Молдашев:
-Референдум ел болашағы үшін маңызды шара. Жасы бар, кәрісі бар, ешқайсысы қатардан қалмай, азаматтық дауысын беруі керек деп санаймын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырамдасы бойынша еліміздегі әрбір 18-ге толған тұлғаның таңдауы маңызды, әрі қымбат деп есептеймін,-деді өз сөзінде.
Ауылдың қойнауы қазынаға тұнған қарттары өз ойларын ортаға салып, кесек-кесек сөз сөйледі. Біз де өз кезегімізде әр қазақстандықты 6 қазан күні өз таңдауын жасауға шақырамыз.
Ерназ Алтайұлы