Ардагерге құрмет көрсетілді

Ардагер Ақбал Шықыбаева осыдан 20 жыл бұрын зейнеткерлікке шықты

Ағымдағы жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толады. Осы атаулы мереке қарсаңында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы тарапынан сала ардагерлерін құттықтау шаралары жалғасуда.

Жуырда Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р.Блялов Жылыой ауданына іссапармен келіп, саламыздың алғашқы ардагерлерінің бірі Шықыбаева Ақбал Рзақызының шаңырағында болды. Ардагер апамыз жарқын жүзбен қарсы алып, қызметте болған кездегі қызықты оқиғаларын айтып, жас әріптестерімен тәжірибесімен бөлісті. Ақбал апа өз әңгімесінде әкесі Рза Шықыбаев та өртке қарсы қызметінде 60-70 жылдары еңбек еткенін, марқұм қызы Нұргүл де қазіргі №9 ӨСБ-де радиотелефоншы болғанын айтып, өрт сөндіру қызметінің өзі үшін ыстық, қадірлі екенін аса құрметпен айтып өтті.

№ 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі – Жылыой ауданы аумағындағы өрттер мен басқа да төтенше жағдайлар кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын бөлім. Бұл бөлім құрылғалы 40 жылдан астам уақыт болды. Осынша жылдар аралығында бөлімде қызметкерлердің бірнеше буыны қызмет атқарып, ел игілігі мен тәуелсіз мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлес қосты деп айта аламыз. Бөлім құрылғалы бірнеше өзгерістерге ұшыраса да, қабылданған заңнамалармен қатар, бөлімде жазылмаған заңдылықтар сақталған.

Олар: қызметкерлер арасындағы өзара сыйластық, қиындықта көмек қолын созу, қуаныштарын бөлісу т.с.с. Ардагер Ақбал Шықыбаева осыдан 20 жыл бұрын зейнеткерлікке шықса да, әлі де ұжымдастарымен араласып, мереке-жиындарды бірге өткізетінін атап өтті, өсиетін айтып жас буын әріптестеріне ризашылығын білдірді. Әкесі Шықыбаев Рза сол кездегі НГДУ- мұнай өндіру басқармасы жанынан құрылған “Ерікті өрт сөндіру қоғамында” 1973-1978 жылдары қарауыл бастығы болған.

1978 жылдан бастап өзі ескі гараж ғимаратында ашылған МӨҚ қызметінде инструктор болып жасаған. Қазіргі №2 МӨСБ ғимаратына 1982 жылы көшкен. Сол кезде инструктор болып жұмысын жалғастырған.

1997 жылы қызметті әскерилердіру болған кезден радиотелефоншы қызметіне ауысқан.

2002 жылы қызметте шектеулі жасына байланысты зейнетке қалған. Қызы Мухамбетьярова Нургуль де Жаңа Қаратон кентінде №9 ӨСБ-де радиотелефоншы болған. Дүниеден озды. Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Р.Блялов ардагер апамызды мерекесімен құттықтап, алғыс хат табысталды.

№ 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері де өз тараптарынан сыйлықтарын табыс етті. Ұрпақтар сабақтастығы жалғасын таба берсін деген ниетпен, Ақбал апамызға денсаулық пен күш-қуат тілейміз.

Р. Рахметова,

Құлсары қаласы

№ 2 Мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефоншысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT