Ардагерге - бір мың доллар!

Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай "Нұр Отан" партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Таласов Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қапес Ибраев пен Жәңгірхан Бисенғожиевтерді мерекемен құттықтады.

Қос ардагерге "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хатын табыс етті. "Ариадна" ЖШС-ның директоры Алан Кайтуковтың атынан әр ардагерге 1 мың АҚШ доллары көлемінде қаржылай сый табыс етілді. Сонымен қатар ардагерлерге азық-түлік те берілді. Аудандық мәслихат депутаттары Талғат Майлыбаев, Марат Қабиденовтер ардагерлерді құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Азаматтардың көрсетіп отырған құрметіне ақсақалдар мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Кәдіров ризашылығын білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз