Қарбызды тегін таратты

Осы аптада аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде қайырымдылық шарасы өтті.

Онда ауданымыздағы егін шаруашылығымен айналысатын «Аман-Есен» шаруа қожалығының жетекшісі Мұрат Исағалиев тұрмысы төмен отбасылар, жалғызбасты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға 2,5 тонна қарбызды тегін таратты.

- Мұрат Исағалиев біздің бөлім өткізетін қайырымдылық шараларына жиі атсалысып отырады. Жыл сайын өзінің бақшасында өсірген өнімдерінің бір бөлігін аудан тұрғындарына тегін таратып беруді дәстүрге айналдырған. Бақша өнімдерін сатып алуға кейбір отбасылардың қаржылық жағдайы келмей жататыны жасырын емес. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін жіті ұғына білетін осындай азаматтарымыз көбейе берсін. Олардың істері басқа да кәсіпкерлерге үлгі болсын,-дейді бөлім басшысы Серік Қамидолла. Жергілікті тәтті қарбызды тегін алған тұрғындар жаны жомарт кәсіпкердің ісіне сәттілік тіледі.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз