Қарапайым мамандық иелеріне қамқорлық

Кітапхана – дүниеде ешнәрсе тең келмейтін, білім бұлағының көзі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйек күні Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайын дәстүрлі Жолдауын жолдады. Ел Президенті Жолдауының Білім күнімен қатар келуі қазақстандықтардың ерекше назарын аударады.

Президент өз Жолдауында бүкіл әлемді алаңдатып отырған пандемиямен күрес жолдарын сөз етіп, оның зардабын және әкелген өзгерістерін тілге тиек етті. Жолдауда қашан да еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуына, халықтың денсаулығын сақтауға қатысты біраз стратегиялар аталып өтіп, аталған мәселелерге баса назар аудару керектігі қадап айтылады.

Президенттің биылғы Жолдауында айтылған 2022 жылдан 2025 жылға дейін мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілердің және басқа да мамандық иелерінің жалақысын көтеру пунктін мен қуана құптаймын. Осыған дейінгі қабылданған маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен саяси құжаттардың жалғасы болып табылатын осы жолғы Жолдау аталған сала мамандарына тың серпін берді деп ойлаймын.

Кітапхана – дүниеде ешнәрсе тең келмейтін, білім бұлағының көзі, біліктілік пен білімділіктің киелі орадасы. Кітапхана оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы орда. Ал осы рухани ордада жұмыс істейтін қызметкерлердің ел дамуына қосып жатқан үлесі орасан.

Сол себепті, еңбекақысын көтеру арқылы, олардың материалдық жағдайын арттыруды оң шешім деп есептеймін. Әлемді жайлаған індет кім-кімге де оңай емес. Осындай қиын кезде Қазақстан халқын нақты дамуға бастайтын бағыттардың бәрі де Жолдауда толық қамтылды деп білемін. Жолдау болашаққа нық қадам басуды міндеттейді. Ендеше ел дамуы жолында жемісті жұмыс істеп, ерінбей еңбек етейік. Өз саламыздың озық маманы болуға талпынайық.

Балзия Бегленова,

аудандық орталық кітапхана ММ басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT