ҚАРАБАТАНҒА ТАСЫМАЛДАНАТЫН ІРІ ГАБАРИТТІ ЖҮК ҚАЛА КӨШЕЛЕРІМЕН ӨТЕДІ

5 дана ірі габаритті жүк маусым айының 14, 21, 28 күндері және шілде айының 5,12,19 күндері тасымалданады.

14 маусым мен 18 шілде аралығында «Sarens Kazakhstan» ЖШС-і 5 дана ірі габаритті технологиялық жабдықтарды «АтырауӨзен» портынан Қарабатан ауылының маңындағы газохимиялық зауытының құрылыс алаңына дейін тасымалдайды, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

5 дана ірі габаритті жүк маусым айының 14, 21, 28 күндері және шілде айының 5,12,19 күндері тасымалданады. Жүк тиеген көліктің қала көшелерімен жүру бағыты мынадай: Балықшы ы/а, Қожақаев көшесі мен Азаттық даңғылы, С.Датов, Элеватор, Қабдолов көшелері арқылы Бірлік ықшам ауданына өтіп, «Атырау-Доссор» тас жолына бағыт алады.

Осыған орай, аталған көшелердегі кейбір бағдаршам немесе өзге де бағаналар жүк көлігіне кедергі келтірмес үшін алынады. Сондай-ақ, тасымал уақытында көрсетілген көше жолдары уақытша жабылып, ыссы су және жылу желісі мен электр энергиясы ажыратылады.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз