Қара Арнада өрт сөндіру депосы бой көтермек

Жергілікті өзін-өзі басқару заңдылығына сәйкес, қазіргі уақытта коммуналдық меншіктегі обьектілерді жалға беруден ауылдық округ есепшотына күні бүгінге 556315 теңге қаражат түссе, 4 салық түрі бойынша 8 млн 217 мың 480 теңге көлемінде салық түсімі жиналды. Бұл түсімдер ауылдың тазалығын, көшені көріктендіруге, көше жарығына, әкім аппаратына коммуналдық қызмет көрсетулерге т.б. қажеттіліктеріне жергілікті қоғамдастық жиналысының қорытындысымен пайдаланылды.

Шоқпартоғай ауылына мәдениет үйін салу үшін жер (1,5га (150*100) телімі бөлініп, мемлекеттік актісі, техникалық шарттары жасақталып, аудандық құрылыс бөліміне жолданды. Аталған бөлім арқылы 2016-2020 жылдарға арналған аумақтық даму бағдарламасының іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді. Аталған бөлім арқылы Шоқпартоғай ауылындағы мәдениет үйінің құрылысына жобаға байлам жасақтау үшін қаражат бөлінді, «МПК-Проект» ЖШС мемлекеттік сатып алу веб порталынан жеңімпаз болып танылып, қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары жасақталуда.

Шоқпартоғай ауылынан өрт сөндіру депосын салу үшін жер 0,15 га (30*50м). телімі бөлініп, құжаттары жасақталып, жоспарға енгізілді.

Қара Арна ауылдық округі әкімі Е.Елеусіновтің 2019 жылғы

әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары мен

2020 жылға алға қойылған міндеттері туралы есебінен

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl