ҚАРА АРНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ҮМІТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Үгіт-насихат жұмыстары кезінде үміткер ауыл тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы аудан дамуына арналған бірқатар бағыттармен таныстырды.

Жылыой ауданына қарасты Қара Арна ауылдық округінің тұрғындары "Nur Otan" партиясының атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ерқұл Дәулетбаевпен кездесті.

Үгіт-насихат жұмыстары кезінде үміткер ауыл тұрғындарын сайлауалды бағдарламадағы аудан дамуына арналған бірқатар бағыттармен таныстырды. Тұрғындардың айтуынша елді мекендегі интернет, соның ішінде мобильді желілердің қызметі көңіл көншітпейтін көрінеді. Ал бұл сұраққа үміткер партияның бесжылдық сайлау алды бағдарламасына дәл осы мәселенің енгізіліп, жедел шешімін табуы үшін көптеген жобалар қолға алынып жатқандығын мәлімдеді.

301220

Жалпы, осынау аядай ғана шағын ауылда спорт саласы қарқынды дамыған. Оның ішінде қазақ күресі, дзюдо, ережесіз жекпе-жекпен тұрақты түрде айналысып, әлем чемпионы атанған спортшылар да бар, - деді "Nur Otan" партиясы атынан аудандық мәслихатқа үміткері Ерқұл ДӘУЛЕТБАЕВ. Ал тұрғындар дәл осы спорт түрлерін одан әрі дамыту үшін үміткерге бағдарламада қандай жобалар енгізілген деп сауал тастады. Кандида ,аудандағы құрылысы қайта басталған заманға сай спорт кешенінен бастап, түрлі үйірмелер мен дайындық орындарын көптеп ашу жолға қойылғанын айтты.

Шаттық Хамитова

"Nur Otan" партиясының Атырау облысы Жылыой ауданы

сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521