Антикор Атырау облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын іске асыру қорытындылары туралы айтты

Атырау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерұлан Серікқалиев РСК алаңында өткен брифинг барысында өңірдің ерекшелігін ескере отырып, тұрғындардың өзекті проблемалық мәселелерінің тізбесі енгізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдері Картасын іске асыру қорытындыларымен бөлісті. Картаға экология, жолдар мен инфрақұрылым, медицина, олигополия және бизнесті қорғау мәселелері енгізілді.

Атап айтқанда, Антикор Экология департаментімен бірлесіп Құлсары қаласының шеткі аймағына, "Жылыой су" кәсіпорнымен тазартылмаған сарқынды суларды төгу фактісін анықтап, нәтижесінде Жылыой ауданында сасық көлдің пайда болуына әкеп соқтырған, экологияның зақымдануын алдын алды. Бұл факт бойынша кінәлілер жазаға тартылып, 270 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1-тоқсанында облыс әкімнің қатысуымен өткен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Ведомствоаралық комиссияда Департамент басшылығымен айтылған ұсыныстар шеңберінде 20 жылға жуық иесіз қалған "Ерік-Мостовой" дренаж жүйесі (экологиялық проблема, канал қоқыспен және қалдықтармен толтырылады) қала әкімдігінің теңгеріміне қабылданды. Қазіргі уақытта осы объектінің пайдалану мақсатын өзгерту үшін мемлекеттік сатып алу жолымен ЖСҚ әзірлеуге бюджеттен 112 млн.теңге бөлінді, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз болып "Redline Pro" ЖШС анықталды.

Медицина және олигополия саласындағы проблемалық мәселелерді шешу үшін 2 сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіліп, нәтижесінде 22 ұсыныс енгізілді, оның ішінде 10-ы орындалды. Мәселен, сұйытылған мұнай газын сатуға квота беру саласында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша сұйытылған газды бөлу кезінде бірқатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдері белгіленді, сондай-ақ, қосымша 996 тонна сұйытылған газ бөлу арқылы газ жеткізу көлемінің қысқаруы және кірістің төмендеуі нәтижесінде шығынға ұшыраған 27 кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521