Қанша жазсақ та көше жарнамасы өзгермейді

Сауатты жазу, әдемі безендірілген жарнама қай уақытта да көз тартады.

Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруда, сондай-ақ оның қолданыс аясын кеңейтуде ерекше маңызға ие қозғаушы күштің бірі көрнекі ақпараттар мен жарнамалар екендігі белгілі. Қай елге барсаң да ең бірінші адамның көзі көрнекілік құралдар мен жарнамаларға түседі. Сауатты жазу, әдемі безендірілген жарнама қай уақытта да көз тартады.

Бүгінде заманды жарнамасыз елестету мүмкін емес.  Қаладағы көрнекілік құралдар мен жарнамалардың қазақ тіліндегі мәтінінен кететін кемшіліктер жайлы, бұдан да бұрын талай жазылып та, айтылып та  жүр.  Бірақ көшедегі маңдайша жазулар мен көрнекі құралдардың мәтіндеріндегі кемшіліктер азаймай, айқын көрініп тұрғаны айдан анық. Ал жекеменшік нысандардың  атаулары мен сыртқы жарнамалары орыс тілінен мемлекеттік тілге сөзбе-сөз, ерсі, шала-шарпы аударылып, мағынасы өзгерген, қателер әлі де болса кездесіп тұрғаны анық. Кейбір нысандар  мүлдем қазақ  әріптерін  қолданбайды.  Яғни заң талаптарына сай жазылмайды. Баспасөз беттерінде көрнекілік құралдары туралы қаншама жазылды. Алайда күнделікті көріп жүрген қала көшелеріндегі жарнамалар мен көрнекілік құралдар сол баяғы қалпында.

t

t

Ү.КЕНЖИНА,

аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз