Аналық алғысымды білдіремін

Жылыой аудандық филиалындағы қызметкерлер жылы шыраймен қарсы алып, бәрін түсіндіріп берді.

Құрметті Жылыой аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасы мен партия мүшесі Есениязова Мәншүк Жолдасқалиқызына аналық алғысымды айтамын. Мен - 2-ші топ мүгедегімін. Қиын жағдайымды айтып, көмек сұрап барғанымда «Nur Otan» партиясының Жылыой аудандық филиалындағы қызметкерлер жылы шыраймен қарсы алып, бәрін түсіндіріп берді. Бұрын мұндайды көрмеген едім.

Жақында Мәншүк өз тарапынан көмегім бар деп азық-түлікпен және аудандық партия филиалы атынан балаларыма киім-кешек және мектепке қажетті оқу құралдарын тегін беріп, үйіме жеткізіп берген болатын. Нарық заманында, мүгедектік зейнетақым жетпей жүрген кезде қол ұшын созған «Nur Otan» партиясы қызметкерлері мен жеке Мәншүк Жолдасқалиқызына шексіз алғысымды білдіремін.

Гүлжан Қосанова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521