Аналар – асыл жандар

Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар - асыл жандар» атты мерекелік шара өтті. Шара шымылдығы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Нұржарық Сауытовтың құттықтау сөзімен басталды.

Көктем айы – ауа райының жылынып, хайуанаттардың қысқы ұйқысынан оянып, барлық тіршілік иелерінің жанданатын мезгілі. Осынау жер бетінің гүлденіп, табиғаттың өзгеше сәнденер шағын бүлдіршіндер шара барысында ерекше қойылым арқылы суреттеп, аналардың ризашылығына бөленді. Түрлі жан-жануарлардың бейнесін айнытпай сомдап, ертегі кейіпкерлерінің образына енген ерекше балалардың қойған көрінісі де көрерменге өзгеше көңіл күй сыйлады.

Ауданымызда мүмкіндігі шектеулі жандарға әрдайым көмек қолын созып, іс-шаралардың жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсетіп жүретін қайырымды жандар аз емес. Шараның бел ортасында осы айтулы мерекелік кештің көңілді өтуіне атсалысып, қолдау көрсеткен жомарт азамат пен азаматшаларға алғыс айтылды.

Бұдан соң шара легі балалардың концерттік бағдарламасымен жалғасын тапты. Кеш соңында орталық басшысы Алтынай Қожиева жылы лебізін білдіріп сөз сөйлеп, қыз балаларға демеушілердің атынан дайындалған сыйлықтарды табыстады.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521