АМӨЗ-дің технологиялық құбырларына коррозияны бақылау ультрадыбыстық датчиктері орнатылды

АМӨЗ-дің технологиялық құбырларына коррозияны бақылау ультрадыбыстық датчиктері орнатылды

Атырау мұнай өңдеу зауытында техникалық құрылғылар мен жабдықтардың коррозиялық зақымдарын басқару және бақылау жүйесін дамыту мен жетілдіру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

 

Коррозия процесін бақылауды онлайн режимде жүзеге асыру үшін ЭЛОУ-АТ-2 және ЭЛОУ-АВТ-3 технологиялық қондырғыларының құбырларына ультрадыбыстық датчиктер орнатылды. Құбырлардың сыртына монтаждалған құрылғылар толқынжолды және электромагниттік-акустикалық әдістер арқылы әр 12 сағат сайын құбыр қабырғасының қалыңдығын анықтайды. Металдың жай-күйі туралы деректер серверде өңделеді. Алынған ақпарат негізінде жабдықтың механикалық тұтастығын қамтамасыз ету бөлімінің мамандары құбырдың қолданылу және шектік қалыңдыққа жету мерзімдерін анықтайды.

Ультрадыбыстық датчиктерді орнату АМӨЗ-ге құбырларға қызмет көрсету мен ауыстыру жұмыстарын жоспарлы түрде емес, ағымдағы жағдайына сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ үздіксіз бақылау мен болжамдаудың нәтижесінде жабдықтардың жөндеуаралық кезеңін ұзартуға да болады. Аталған жоба кәсіпорындағы өндірістік қауіпсіздік стандарттарын көтеріп қана қоймай, басқа мұнай өңдеу зауыттары үшін жаңа эталон орнатты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521