Қамыскөлге батып кеткен ер адамның денесі табылды

Атырау облысында төрт күн ішінде суға батқан төртінші жағдай орын алды

2020 жылғы 6 шілде күні сағат 10:22-де Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде Қамыскөл көлінде Атырау облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ Жедел-құтқару жасағының 3 қызметкері мен 1 техникасы күшімен, арнайы жабдықталмаған жерде суға түсу кезінде суға батып кеткен 1969 жылы туған ер адамның денесін іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Суға кеткен адамның денесі бір сағат ішінде табылып, жағаға шығарылды.

Атырау облысы ТЖД ескертеді!

Белгісіз жерлерде, әсіресе қараңғы уақытта шомылмаңыз! Өз өміріңіз бен денсаулығыңды сақтаңыз!

Туғандарыңыз бен жақындарыңыз туралы ойланыңыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521