Сенбілікке аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік мекеме қызметкерлері, "Каспий банк" қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты. Республикалық акция еліміздің барлық облыстарында өткізіліп жатыр. Бұл шараның мақсаты - ауданымызды таза ұстауға, көркейтуге, тұрғындарды өзі тұрып жатырған өңірді аялап ұстауға шақыру. Болашақ ұрпаққа салауатты өмір салтының бастауы - тазалықта екенін ұқтыру.
Сенбілікке келген әр адамның міндеті жағалауды қоқыстардан тазартып, демалушыларға жағдай жасау еді.
Қоршаған ортаны, қаламызды, тұрғылықты жерімізді таза ұстау – әрқайсымыздың азаматтық міндетіміз. Осындай бастамалардың нәтижесінде қаламыз қоқыстардан арылып, көрікті қалаға айналары анық.
Ш.Хамитова