Амал мерекесі – «Ақмешітте»

  Жылма-жыл наурыздың 14-і күні Маңғыстаудың Отпантауында Амал мерекесі тойланатыны хақ. Бүгінгі таңда игі дәстүр қанатын кеңге жайып, өткен жылдан бастап Жылыой жеріне де табан тіреді. Бұл үрдіс биыл да өз жалғасын тауып, «Ақмешіт» тарихи-мәдени кешенінде Көрісу күніне байланысты ауқымды шара қолға алынатын болды.

  Ұйымдастыру алқасының төрағасы Ерқұл Дәулетбаевтың айтуынша, шара бейсенбі, наурыздың 13-і күні түстен кейін бастау алады. Күндізгі сағат 15.00-де «Ақмешіт» алыс-жақыннан келген қонақтарды қарсы алуға көшеді.

    Негізгі шара кешкі сағат 18.00-де басталады. Онда «Отпантау» тарихи-мәдени кешеніндегі секілді бір уақытта бабалар рухына арналған Бірлік оты жағылады. Мерекеге көршілес Ақтөбе,  Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен Атырау қаласы және өзге аудандардан да қонақтар келеді деп күтілуде. Әрине, өзіміздің Жылыой жұртшылығына да есік ашық.
   Биылғы Амал мерекесі Рамазан айына тұспа-тұс келгендіктен «Ақмешітте» кешксін қас қарая, алдымен, ауызашар беріледі. Содан кейін ата-балалар аруағына зиярат етіліп, дұға бағышталып, құлшылық ғибадаттары орындалады. Соңынан алыс-жақыннан келіп, мерекені тойлаушы қонақтарға  арнап қонақасы ұйымдастырылады.

   14 наурызға қараған түні қонақтар мен жылыойлықтар қасиетті «Ақмешіт» кешенінде қазақтың жаңа жылын қарсы алып, таңа ата Көрісу күні - Амал мерекесін атап өтеді деп күтілуде.

Е.ҚОШАҚАНОВ

Сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT