Алыстан арбалағанша, үйде отырып...

     Өткен аптаның жұмасы күні қаладағы «Беркад» ЖШС-нің Орталық базарында аудандық әкімдіктің дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеменің жетекші мамандарының өткізген «Мемлекеттік қызметтерді кезекте тұрмай-ақ EGOV.KZ порталынан электронды түрде «Жылдам әрі ыңғайлы» жәрмеңкесі - дәл осы қызмет түрін халыққа түсіндіруге арналды. Ол жылыойлықтарды мемлекеттік тұрғыдан көрсетілетін қызмет түрлерін электронды түрде алуға шақыру және оның санын арттыру мақсатын көздеді. Бұл жөнінде аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Әлібек Науаров кеңінен түсінік берді.

 Дербес бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілер тұрғындардың көптеген сауалдарына жауап берді. «Сіз мемлекеттік қызметтер алу кезіндегі өз құқықтарыңызды білесіз бе?», «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары», «Электрондық Үкімет ең кішкентайлар үшін» тақырыбында шағын брошюралар таратылды.

Ербол Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз