Алыстағы ауылдар ахуалы – басты назарда

Аудандағы білім саласы мен денсаулық сақтау нысандарының құрылысын салу аудандық бюджет есебінен жүзеге асырылмайды. Сондықтан, оларға тапсырыс беруші және «Игілік» бағдарламасының әкімгері - облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Бұл жөнінде аудандық әкімдікте құрылыс бөлімінің 2023 жылы атқарған жұмыстары мен 2024 жылға арналған жұмыс жоспары жөнінде кезекті брифинг өткізген бөлім басшысы Қ.Ағыраев мәлім етті.

Дегенмен де, Қазыбек Саматұлының айтуынша, аудан аумағындағы құрылыс жұмыстары құрылыс бөлімінің қадағалауында. Жалпы бөлімнің функционалдық міндетіне аудан көлеміндегі нысандарға жобалау-сметалық құжаттамалар жасақтау, құрылыс жұмыстарын жүргізу және құрылысы аяқталған нысанды қабылдап алу жатады.

Бөлім басшысы биылғы жылы аудандық құрылыс бөлімімен жүргізілетін құрылыс жұмыстарына тоқталды. Алдымен, өткен жылы 8 нысанның құрылысы басталып, соның 3-еуі аяқталып, пайдалануға берілгенін, бүгінгі күні 24 жобалық-сметалық құжаттама жасақталып жатқанын хабарлады.

-Ақкиізтоғай ауылына жаңадан жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлерге электр желілері құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жобалаушы мекеме - "RedLainPro" ЖШС-мен жасақталып, сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда 2024 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға 1 000,0 мың. теңге қаражат бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурс жариялауға өтінім берілді. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы – 12 ай. Осы ауылдық округте жаңадан жеке тұрғын үй құрылысына берілетін жерлерге ауыз су желілері құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасын жобалаушы мекеме - "КБ-МунайГазИнжиниринг" ЖШС-мен жасақталып, сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын бастауға 1 000,0 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасына өтінім жолданды. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы – 5 ай. Сондай-ақ газ желілері құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы жобалаушы мекеме - "RedLainPro" ЖШС-мен жасақталып, сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарын бастауға 1 000,0 мың теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу веб порталына конкурс жариялауға өтінім берілді. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы – 3 ай,-деді нақтылап.

Брифингте биылғы жылы облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасымен жүргізілетін құрылыс жұмыстарының жайы айтылды. Мәселен, Майкөмген ауылына 300 орындық мектеп құрылысына облыстық құрылыс басқармасымен жобалау-сметалық құжаттама жасақталып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жоба құны 3 842 221,8 мың теңгені құрап отыр.

П.ТҮРКЕНБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521