"Алыста қалған Ауғанстан"

"Жеңіс" саябағында Кеңес әсерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толуына орай өткен шара осылай аталды. ⠀

Ауған соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, жауынгер азаматтарды үнсіздікпен еске алды,- деп хабарлайды Жылыой ауданы әкімдігі.⠀

augan

- Сынаптай сырғып уақыт өтсе де, ерлік ескірмейді. Оларға тағзым етіп, еске алу болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс. Бұл жылдары етігімен қан кешкен жауынгерлер қашанда құрметке лайық және ерлігі жас ұрпақ үшін үлгі-өнеге. ⠀

Біз бұл оқиғаны әр жыл сайын тарихи күн ретінде атап өте отырып, соғыс деген зұлматтың алып келер қасіретінің қаншалықты ауыр екенін сезінеміз. Бұндай шаралар өткеннен сабақ алу үшін, бейбіт өмірдің қадірін түсініп, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру үшін қажет деп білемін. ⠀

augan3

1979-1989 жылдары Ауған еліндегі 10 жылға созылған бұл соғыс та - сол уақыттағы социализм және капитализм боп бөлінген елдердің арасындағы әлемге ықпал ету ұмтылысының ауыр зардабы болды. Сол кезде Кеңес әскері қатарында қызмет еткен мыңдаған жауынгерлер өз Отанының жұмсаған жеріне барып, интернационалдық борыштарын адал өтеді. ⠀ Шет жерде тау мен тастың арасында жүріп, оққа кеуделерін тосты, ерліктің, патриоттықтың үлгісін көрсетті. Бұл соғыстың бейбіт заманда-ақ халқымызға қаншама қайғы әкелгенін, бауырларымыздың ұрыс даласында опат болғанын, мүгедек болып оралғандарын ұмытуға тиіс емеспіз. ⠀

augan2

Отан алдындағы борыштарына адал болған, батырлық пен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан жерлестерімізге құрмет көрсету, сұрапыл соғыста мерт болғандарды есте сақтау - бүгінгі ұрпақтың борышы,- деді аудан әкімінің орынбасары Әнуар Шәкіров.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521