АЛЫС АУЫЛДАҒЫ «ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ»

Қазір электрондық мемлекеттік қызметтерді алу оңай әрі ыңғайлы. Осы мақсатта Қара Арна ауылдық округі ауыл тұрғындары үшін «Е-Gov» электрондық порталы арқылы «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышынан мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Ол үшін мемлекеттік қызмет алуға орынжай, компьютер жабдықтарымен жәрдемдесетін ма- ман бөлінген.

Жалпы мемлекеттік қызметтерді смартфондар, планшеттер және қарапайым ұялы телефон арқылы да алуға болады. Бұл «Электрондық үкімет» адами факторды бол- дырмайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы құралдың бірі болып табылады. Электрондық қызметті алу үшін, ең алдымен, электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу қажет. ЭЦҚ-ны «электрондық үкімет» порталында, сондай-ақ «Өзіне-өзі қызмет көрсету» бұрышынан өз бетінше алуға болады. Осылайша, сіз ЭЦҚ арқылы үйден шықпай-ақ, барлық қажетті электрондық мемлекеттік қызметтерге тапсырыс бере аласыз.

Қара Арна ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік қызметтің 5 түрін көрсетуде:

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу», «Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату», «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» секілді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге өтінішті «Е-лицензиялау» порталы арқылы бере алады.

Ауыл әкімдігінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Aleumet.egov.kz» порталы арқылы әлеуметтік қызметтер де тегін көрсетіліп отыр. Портал мүмкіндігі шектеулі жандарға оңалтудың гигиеналық, техникалық құралдары мен санаторий-курортты өз бетінше таңдауға мүмкіндік береді. Берілген тапсырыстар өз мекен-жайына жеткізіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, электрондық форматты қызметтер санын ұлғайту, оны алушылар санын көбейту, насихаттау, түсінік беру мақсатында округ әкімі аппаратында жылына екі рет мемлекеттік қызмет көрсетуші органдардың мамандарын шақыртып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» жәрмеңке өткізіледі.

Ерболат ЕЛЕУСІНОВ,

Қара Арна ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521