Ғалымдар Жылыойдағы балық шаруашалығы тарихын зерттемек

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы пайымдар мен нақты ұсыныстар тәуелсіз Қазақстанды мемлекет ретінде, ал оның азаматтарын азат адамдар қауымдастығы дүниетанымымен қалыптастыру жолындағы ізденістерінің қисынды жалғасы болып табылады.

Тарихы жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, құндылықтарын сақтап, ілгері басуы қиын. Жақында ауданымызға Каспий теңізінің жағалауындағындағы тарихи орындарды зерттеу бағытында облысымыздағы ғалымдар мен археологтар іссапармен келді. Тарихымызды зерттеп жүрген мамандармен бірге болған Теңіз кеніші бойынша мемлекеттік инспекторы Орақ Бисембиев өз әсерімен бөліскен болатын.

-   Жылыой ауданы қазіргі уақытта да сонау ғасырларда, 1800 жылдардың аяғы - 1900 жылдардың басында үлкен балық шаруашылығы өндірісі дамыған өлке болғандығына көз жеткіздім. Атырау қаласынан "Сарайшық мемлекеттік тарихи-мəдени музей қорығы" РМКК-ның директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ə. Мұхтар бастаған топ Теңіз кенішінің сыртында жатқан "Қожан" АҚ "Морское" кен орны аумағында орналасқан аумақты аралады. Аралаған аумақ шамамен 50-60 гектарды құрайды. Кезінде түбек емес, арал болуы əбден мүмкін. Өйткені қазіргі сор, сол кезде - теңіз асты. Аралда қарағайдан салынған порттың қадаларының ізін көруге болады. Балық зауытының орнында әрқайсысының сыйымдылығы 10 тонналық балық тұздайтын бірнеше шандар (ыдыстар), порттан балық таситын темірден соғылған арбалар, жұмысшылар тұратын казармалар болған. Осыдан-ақ кезінде теңізден балық аулау, оны өндіру қарқынды жүргізілгенін болжауға болады. Алдағы уақытта археологиялық зерттеулер жүргізу, тарихи деректерді көтеру арқылы нақты сараптап, көз жеткізу - ғалымдардың жұмысы. Сол себепті профессор Ə.Мұхтар бастаған ғалымдарға, археологтарға ол заманның ақиқатын Ресей архивтерінен анықтап, кейінгі ұрпаққа жеткізетіне сенімен қараймыз,-дейді мамандармен бірге болып, әсерімен бөліскен Орақ Бисембиев.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT