Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазыда 6 отбасына пәтер тапсырды

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Құрманғазы ауданына сапары аясында 6 отбасына пәтер кілтін табыс етті.

Баспана кілттері Райгүл Адырапова, Айнагүл Аманова, Анаргүл Жұмағазиева, Данагүл Сариева, Меңдібай Мұғаловқа табыс етілді.

c9e094df-7357-49ea-b004-f79a17654902

“Жанашыр халқымыздың, мешіттеріміздің үлесімен баспаналы болып отырсыздар. Баспана іші құт-берекеге толсын! Ел үшін еңбек ететін салиқалы ұрпақ өсіп-өнетін шаңырақ иелері болуды нәсіп еткей” деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

85d4e59c-fd0f-4f66-bb92-22e05473c405

Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірнеше жылдан бері “Ел үлесі – пәтерге” жобасын жүзеге асырып келеді. Аталмыш жоба аясында әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларға және дін қызметкерлеріне баспана беріліп келеді.

 

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT