Алтын көпір: Атыраудағы Достық үйіне – 10 жыл (+ФОТО)

Атырауда Достық үйінің 10 жылдығынаарналған салтанатты кеш өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осы уақыт ішінде ол мәдени орталыққағана емес, сонымен бірге этносаралықжәне конфессияаралық бірліктің тірегіне айналды, аймақтағы достықты, өзара түсіністік пен үйлесімділікті дамытудамаңызды рөл атқарды. 2014 жылыашылғаннан бері Достық үйі этносаралықкелісімді нығайтуға және патриотизмидеяларын ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізілетін маңызды мәденижәне қоғамдық орталыққа айналды. Олмәдени ғана емес, стратегиялықмиссияны Қазақстан халқының баймұрасы мен дәстүрлерін сақтауды орындайды. Мұнда этносаралықдостықты дамытуға, ұлттық рухтынығайтуға және толеранттылықтынасихаттауға бағытталған ауқымды іс-шаралар өтуде. Салтанатты шарағаоблыс әкімі Серік Шапкенов қатысты.Құттықтауында ол Достық үйініңқоғамдық келісімді дамытуға қосқан маңызды үлесін атап өтіп, он жылда олөңір өмірінің ажырамас бөлігінеайналғанын атап өтті.

"Елдегі бейбітшілік, тыныштық,ынтымақтастық және достық біздің үлкен мақтанышымыз. Біз бұлпринциптерді әрқашан жоғарыбағалаймыз және оларды қорғауғатырысамыз. Әлемде түрлі оқиғаларболып жатқанына қарамастан, Қазақстан халқының өзара қарым-қатынасы мен бірлігіөзгеріссіз қалады. Әрине, қиынкезеңдер де болды, бірақ бізешқашан ұлттың бірлігі мен бір-бірімізге деген құрметіміздіжоғалтқан емеспіз. Осы сәттеэтномәдени бірлестіктердің барлықмүшелеріне алғысымды білдіргімкеледі. Атырау облысында 18бірлестік жұмыс істейді. Біздостықты нығайту, мәдениеттісақтау және ел бірлігін дамыту үшін бірге жұмыс істейміз. Бұл әсіресеҚазақстан халқы Ассамблеясы мен Достық үйінің өкілдері шетте қалмаған көктемгісу тасқыны кезінде айқын көрінді" деді Серік Шапкенов.

Іс-шарада этномәдени бірлікті дамытуғажәне халықтар достығын нығайтуғаелеулі үлес қосқандар марапатталды.ҚХА Алғыс хатымен "Вайнах"шешен-ингуш этномәдени бірлестігініңжәне өңірдің Аналар кеңесінің мүшесіАминат Зубариева марапатталды. ҚРБілім Министрінің Алғыс хатымен ЖамалХасанова Ассамблея жұмысына қосқанүлесі үшін атап өтілді. Ал, облыс әкімініңАлғыс хаттары қоғамдық бірлестіктердіңбасшыларына табыс етілді.

 

Сондай-ақ, мерекелік шарада этномәденибірлестіктер өкілдері сөз сөйледі.Сахнада әртүрлі тілде әндер шырқалды,ансамбльдер аймақта тоғысқан мәдениеттердің алуан түрлілігінбейнелейтін би биледі.

Аружан Ажимкулова

Фото AtyrаuPress

 

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT