«Altyn Gasyr» тойханасы ауданымыздағы аты латын әрпімен жазылған алғашқы нысандардың бірі

Қаламызда көрсе, көз тартатын мейрамханалар күннен-күнге көбеюде. Соның бірі өткен аптада тұрғындарға есігін айқара ашты.

Ол – ауданымыздағы атауы латын әрпімен жазылған алғашқы нысандардың бірі. «Altyn Gasyr» деп аталған тойхананың ашылу рәсімі салтанатты түрде өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Қаһарман Бағынов, қала әкімі Шәкір Кейкін және дербес бөлім басшылары қатысты. Алғашқы сөзді қала әкімі Ш.Кейкін алып, мұндай нысандардың қала келбетіне көрік қосатынын айтты. Ал аудан әкімінің орынбасары Қ.Дәуренұлы мейрамхана иесі Светлана Амандықованы құттықтап, қолға алған ісіне сәттілік тіледі. Лентаны қиып, барлығы нысан ішін аралап шықты. Заманауи үлгіде салынған мейрамхана 350 адамға дейін қызмет көрсетеді.

П.ҚИЗАТОВА,

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз