Жарты жыл ішіндегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішінің қысқаша қорытындысын саралайтын болсақ, онда аудандағы кейбір өндіріс салаларында өсу бар екені байқалады.
Демография
Биылғы жылғы 1 маусымдағы дерек бойынша ауданда тұратын халық саны 84 579 адамға жетіп отыр.
Еңбек рыногы және еңбекақы төлеу
Үстіміздегі жылғы қаңтар-наурыздағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 1022673 теңгені құрады. Бұл – шетелдік кәсіпорындарды қоса есептегенде алынған дерек. Нақты жалақы индексі - 23,1%.
Ұлттық экономика
2025 жылғы қаңтар-маусымда негізгі капиталға салынған инвестициялардың көлемі 330494 млн. теңге құрады.
Сауда
Биылғы жылғы қаңтар-маусымдағы бөлшек сауда көлемі 16640,3 млн. теңгеге жетті немесе өткен 2024 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 3,9% көбейіп отыр.
Экономиканың нақты секторы
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6144507 млн. теңгені құрады.
Соңғы 1 шілдедегі дерекке сүйенсек, аудандағы барлық шаруашылық санаттары бойынша мүйізді ірі қара саны 21798 басқа, қой мен ешкі 105489 басқа, жылқы 23109 басқа, ал түйе 13151 басқа жетті. Аудан көлеміндегі шаруашылықтың барлық санаттарында (тірілей салмақпен) 2340,3 тонна ет, 1209,9 тонна сүт, 132,9 мың дана жұмыртқа өндірілді.
Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусымында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 108259 млн. теңгені құрады. Бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 48,5% азайып отыр.
Есесіне 2025 жылғы қаңтар-маусымында пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 44253 шаршы метрге жетті. Яғни, 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 226,8% көбейді.
Ауданда бүгінгі таңда тіркелген заңды тұлғалардың саны соңғы 1 шілдедегі мәліметпен 962 бірлікті құрады. Осы кезең ішінде нақты жұмыс жасап тұрған заңды тұлғалардың саны 840 бірлік болды.
Осы соңғы 1 шілдедегі мәліметке сәйкес, өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікте қызмет атқарып тұрған субъектілердің саны 6282 бірлікті құрап отыр. Осы кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санында дара кәсіпкерлердің үлесі 81,8%-ті, ал шағын және орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 11%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 7,2% құрады.
Аудандық статистика бөлімі