Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмады? ТЖД жауап берді

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл неге қосылмады? ТЖД жауап берді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар депаратментінің басшысы Нұрлан Атығаев түнгі жер сілкінісі кезінде сиреналар неге қосылмағанын түсіндірді.

Қазіргі кезде қала бойынша 843 электр сиренасы орнатылған. Соның арқасында Алматыдағы сейсмикалық жағдайды толығымен бақылауға мүмкіндік бар.

Жер сілкінісін анықтайтын станциялар 5,5 балдық дүмпулерді тіркеген кезде ғана электр сиреналар іске қосылады. Осы жолы дабыл қағылған жоқ. Әйтпесе, халық қатты дүрлігіп кететін еді. Ал жер сілкінісінің күші 5 балл шамасында болды, — деді Нұрлан Атығаев бүгінгі брифиңде.

Еске салайық, төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Алматы уақытымен 23 қаңтар күні 00 сағат 09 минутта жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісі Алматыда 5 балл деңгейінде сезілді.

Алматылықтардың айтуынша, жерасты дүмпуі осы жолы қатты сезілді. Үйлері ұзақ уақыт бойы шайқалған. Тұрығындар үрейленіп, үйлерін тастап, далаға шығып кеткен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT