«Алғашқы көмектері емес». ТШО Жылыой ауданының тұрғындарына ауыз су жеткізді

Ауыз су тапшылығына байланысты Жылыой ауданы Құлсары қаласының тұрғындарына бөтелкедегі суды жеткізу ұйымдастырылды. Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы хабарлағандай, су тазарту қондырғыларына лай судың келуіне байланысты су тазарту қондырғылары суды тазартуға үлгермеген. Осыған байланысты Құлсары қаласына қажетті мөлшердегі су келмей, тіршілік көзінің тапшылығына әкеп соқты.

Осыдан кейін Жылыой ауданының белсенділері Құлсары тұрғындарына бөтелкедегі суды жеткізуді ұйымдастыруды сұрап, «Теңізшевройл» ЖШС-не жүгінді. Аз уақыт ішінде ТШО 24 мың литр бөтелкедегі суды бөліп, осы аптада Құлсарыға жеткізді.

– Оның ішінде 6 мың бөтелке балалар, әйелдер мен қарт адамдар орналасқан эвакуациялық пункттерге жеткізілді. Белсенділер аудан тұрғындарына да су таратты. Осылайша, біз ТШО-ның Құлсарылықтармен бірге екенін тағы бір мәрте көрсеттік, - деді ТШО-ның Үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің Жылыой ауданындағы өкілі Нұрлан Ерғалиев.

Суды ТШО көліктері жеткізіп, бұл жұмыс екі күн бойы жалғасты.

Жылыой ауданының белсендісі Раиса Телеубаеваның айтуынша, бұл қиын жағдайда қалған тұрғындарға ТШО-ның көрсетіп отырған алғашқы көмегі емес.

- Біздің өтінішімізді қанағаттандырып, қауіпсіз бөтелкедегі сумен қамтамасыз еткені үшін тұрғындар атынан ТШО-ға үлкен алғысымызды білдіреміз. Бұған дейін де компания қолдан келген көмекті көрсетіп келген. Көп балалы отбасыларды, қарттарды сумен қамтамасыз еттік, – дейді Раиса Телеубаева.

Су тасқыны басталғаннан бері ТШО мемлекеттік органдармен және өзінің мердігерлерімен бірлесіп Жылыой ауданының тұрғындарына көмек көрсетуге белсене атсалысқанын айта кеткен жөн:

Теңізде эвакуациялау пункттері ашылып, оған 8 мыңға жуық Жылыой тұрғыны орналасып, ауданда суды сору үшін техникалар жұмылдырылды.

Атырау қаласының Алмалы (Қара өзек) ауылында бөгет салынды. Су тасқынымен күресуге барлығы 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді.

Арман Құтқожа

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT