№97 дауыс беру учаскесіне алғаш болып келіп, өз таңдауын жасаған жылыойлықтың бірі - Дүйсәлі Қалдыбаев. Бала жастан жанары көрмейтін ата саяси науқанның маңыздылығын айтып, сәтті өтуіне тілектестігін білдірді. Ол 1957 жылдан бері елдегі барлық сайлау науқандарына үзбей қатысып келе жатыр екен. Бұл жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасаған алғашқы дауыс беруші Дүйсәлі Қалдыбаев АЭС салудың еліміз үшін оң шешімін болатынын айтады. Оған №97 референдум комиссиясының төрағасы Шынар Ағниязова алғысын білдіріп, ең бірінші болып дауыс бергені үшін арнайы сыйлықпен марапаттады.
Сондай-ақ №94 дауыс беру учаскесіне таңғы сағат 07:00-де алғашқы боп келіп, өз дауысын берген жандардың бірі - құлсарылық Нұрадин Тлеубаев. Белсенділік танытқан тұрғынға №94 референдум комиссиясының төраайымы Айжан Саменова арнайы сыйлық табыс етті.
П.Тәжі
Алғашқы боп дауыс берген зағип жан
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 112
