Құлсары қаласындағы "Береке" ықшамауданы Қамыскөлдің арғы жағалауында орналасқан. Көл мен тұрғын үйлер арасын асфальт жол бөліп тұр. Көктемгі тасқынның қарқыны мұндағы ағайынды да үйінде тыныш жатқыза алмады.
Сәуірдің 3-і күні таң-елең алаңнан ықшамауданның белсенді азаматтары бас көтеріп, өз күштерімен топырақ төгіп, бөгет тұрғызуға кірісті. Тұрғындар бастамасын іргедегі "Транс" және АВС Лимитед" ЖШС-терінің басшылары да қолдап, арнаулы техникалармен көмектескен. Жергілікті әкімдік жанар жағармаймен жәрдемдесіп, карьерден топырақ алуға да рұқсат берген көрінеді.
Осылайша "берекеліктер" өз ықшамауданы халқын тасқыннан қорғау үшін алдын ала қам жасап жатыр.
Е. Қошақанов