Алаяқтан сақ болыңыз!

Бұл туралы Қазпоштаның баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазпошта» қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтардан сақ болуды ескертеді, деп хабарлады Қазпоштаның баспасөз қызметі.

«Әлеуметтік желілерде Қазпошта атынан қолданушылардың жеке деректерін жинап, оны өз мақсаттарында пайдаланатын алаяқтар пайда болды деп ескертеміз. Бұл ақпарат дұрыс емес және алаяқтық фактісі болып табылады. «Қазпошта» АҚ өткізетін барлық акция мен конкурстар Post.kz сайты мен әлеуметтік желілерде ғана жарияланады», - делінген таратылған хабарламада.

Сондай-ақ, жарнама Қазпошта бөлімшелерінде және БАҚ-та жарияланатындығын ескертеді. Азаматтарға сақ болуды, күмәнді сілтемелерді ашпауды және жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуді сұрайды. ⠀

BAQ.KZ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз