Жылыой ауданы аумағында келесі шектеулер шаралары енгізілді
2020 жылғы 23 мамырдағы Жылыой ауданының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №41-ПГВР "Жылыой ауданында шектеу режимді қамтамасыз ету және короновирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына жол бермеу жөніндегі шаралар туралы" Қаулысына сәйкес 2020 жылғы 24 мамыр сағат 07.00 -ден бастап 2020 жылғы 05 маусым сағат 07.00-ге дейін
Жылыой ауданы аумағында (Майкөмгенді қоспағанда) келесі шектеулер шаралары енгізілді
Жылыой ауданы тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына тұрғылықты жерінде сағат 21.00-ден таңғы сағат 06.00-ге дейін аудан әкімдігі, құқық қорғау органдары, жедел және шұғыл медициналық көмек, санитариялық-эпидемиологиялық қызмет, өрт сөндіру, апаттық-құтқару және төтенше жағдайлар қызметкерлерін, азық-түлік, қажетті заттар, дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу, жұмысқа бару (анықтама негізінде), медициналық көмекке жүгінуді қоспағанда, Жылыой ауданы тұрғындары мен көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынсын.
Стратегиялық өндіріс объектілеріне, байланыс құралдарын қамтамасыз ететін - телекоммуникация жұмысшыларына (ресми мәліметі көрсетілген анықтама және жұмыс орнынан анықтама ұсынған кезде) рұқсат етілмеген адамдарсыз және отбасы мүшелерінсіз жүруге рұқсат етілсін;
Қала, кент және ауылдық округтері арасында ресми және бейресми (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалына көлік ішінде 2 адамнан артық емес жағдайда сағат 06.00 ден 21.00-ге дейін уақытта рұқсат етіледі.
Қала ішілік, кент және ауылдық округтері арасындағы автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылады.
Аудан бойынша супермаркет, азық-түлік дүкендері, жанар-жағармай бекеттеріндегі сауда нүктелері, дәріханалар және қажетті тауарларды сату жұмысы кешкі сағат 20.30-ден таңғы сағат 09:00-ге дейін тоқтатылсын, оның ішінде дәріханаларға «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидаты бойынша рұқсат берілсін;
Азық-түлік көтерме сауда базары санитариялық-дезинфекциялық режимін аса сақтай отырып жұмысын сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жүзеге асырылсын.
18 жасқа дейін және 65 жастан асқан аудан тұрғындары аса бір қажеттілік болмаған жағдайда үйлері мен пәтерлерінен далаға шықпасын;
Тұрғылықты жерінен тыс жерде жүрген кезде бетперде тағып жүрсін, бір рет қолданылатын қолғаптарды пайдалансын және қолды өңдеуге арналған антисептиктерінің болуын қамтамасыз етсін;
Балалармен серуендеуді тұрғылықты жерінен 100 метрден аспайтын және ұзақтығы 30 минуттан аспайтын радиуста жүзеге асырсын;
Саябақтар, аллеялар, көше балалар ойыны және кіші аяқ доп алаңдары жұмысы тоқтатылсын.
Діни нысандардың (мешіттердің), халыққа қызмет көрсету орталығы (ЦОН), азық-түлікке жатпайтын сауда орындарының жеке тұратын азық-түлік емес дүкендердің, автокөлік бөлшектерін сататын салондарының, гүл павильондарының, фотоателье, фотосалондардың, ломбардтардың, микроқаржылық орындар, тігін ательесі, аяқ – киім жөндеу шеберханалары, тұрмыстық және оргтехника жөндеу орындары, жылжымайтын мүлік агенттіктердің, көлік жуу орындарының, техникалық қызмет көрсету станциялары, моншалар, сауналар, спорт кешендері, сұлулық салондары, массаж кабинеттері, тырнақ шеберханалары, шаштараздар, компьютерлік клубтар, жабық балалар ойын алаңдары, көрмелер осыған ұқсас қызмет көрсету нысандары қызметі тоқтатылсын;
Мейрамханалар, кафелер, барлар, асханалар басқа да қоғамдық тамақтану обьектілер жұмысына 10.00-ден бастап 20.00-ге дейін «тапсырыс берушілерге жеткізу» қағидасы бойынша рұқсат берілсін. Салтанатты шағын отбасылық мереке, шағын туған күн кештерін тойлау үшін тойхана иелеріне тұрғындардан тапсырыстар қабылдауға қатаң тыйым салынсын;
Шектеу жағдайы кезінде күндізгі және түңгі уақытта салтанатты отбасылық мерекелерді (қонақ күту және бару,туған күн, үйлену тойлары, келін түсіру, құдалық және т.б. 3 адамнан артық қонақтар жиналған кезде), еске алу шараларын өткізуге тыйым салынсын;
Меншік түріне қарамастан мектепке дейін білім беретін мекемелердің қызметі тоқтатылсын;
Екінші деңгейлік банк филиалдары, пошта байланыс қызметі және жеке нотариустар жұмыс уақыты 09.00-ден 17.00-ге дейін кезекпен қабылдауды ұйымдастыру кезінде банкоматтар мен кассаларда және сату-сатып алу алаңдарында 3 адамды ғана обьектіге кіргізуге және кезекке тұрған кезде 2 метр әлеуметтік дистанциялық ара қашықтықты сақтауды және санитариялық-дезинфекциялық шаралардың өткізілуін қамтамасыз етсін;
Екінші деңгейлік банктер және «Қазпошта» АҚ филиалы тұрғындарды жұмыс сағатында үздіксіз қолма-қол ақшамен, оның ішінде банкоматтарды қолма-қол ақшамен толтырып отыруды және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етсін;
Халықтың жаппай жиналатын орындарын, оның ішінде жаяу серуендеуге жиі баратын орындарды (көшелерді) саябақтарды, скверлерді, алаңдарды, балалардың ойын алаңдарын және азаматтардың өзге де демалыс орындарының жабылуын қамтамасыз етсін;
Меншік нысанына қарамастан мекемелер мен ұйымдарға жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын;
Қоғамдық жаяу жүргіншілер өткелдерін, тротуарларды, саябақтарды,скверлерді, алаңдарды,аула алаңдарын, сауда орындарын, темір жол және автотұрақтарға іргелес аумақтарды, базарлар аумақтарын жуу құралдарын қолдана отырып, дезинфекциялық өңдеуді күшейтсін;
Кәсіпкерлік субьектілерінің тиісті аумағында шектеу іс-шараларының сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін;
Тұрғындар арасында COVID-19 таралуын болдырмау үшін енгізілген шектеу шараларын сақтау қажеттігі туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілсін;
Жеке және заңды тұлғаларға арналған шектеулер туралы жадынамаларды баршаға көрінетіндей хабарлама тақталарына, LED экрандарына және басқа да осыған ұқсас жерлерге орналастырсын;
Кіреберістерде, тұрақтарда профилактикалық дезинфекция және ылғалды тазалауды күніне кеміне 2 рет жүргізілуін қамтамасыз етсін;