Қала әкімі сайланды

Өткен сәрсенбі күні аудандық мәдениет үйінде Құлсары қаласы әкімінің сайлауы болып өтті.

Оған үміткер ретінде екі азамат түскен болатын-ды. Олар қазіргі Жаңа Қаратон поселкесі мен Қосшағыл ауылының әкімдері Қаржау Шарғабаев пен Саян Баселовтер еді.

Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Зәуреш Қалмұханова дауыс беруге аудандық мәслихаттың 14 депутатының 13-і қатысып отырғандығын мәлім етті. Мұндай жағдайда заңға сәйкес сайлауды өткізуге толық негіз бар.

Еліміздің әнұраны шырқалып, комиссия төрайымы сайлаушыларға жергілікті әкімдерді сайлау туралы заңдылық талаптарын түсіндірді. Іле-шала халық қалаулылары арнайы тәртіппен өз дауыстарын берді.

Сайлау бюллетеньдері сол жерде депутаттардың көзінше саналды. Көп ұзамай комиссия төрайымы З.Қалмұханова сайлау қорытындысын жария етті. Дауыс берудің қорытындысымен 13 депутаттың 1-еуінің ғана үміткер С.Баселовті қолдағаны белгілі болды.

Халық қалаулыларының басым дауысына ие болған Қаржау Шарғабаев Құлсары қаласының әкімі болып сайланды.

Е.Қошақанов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз