Алғыс айту күнінде аналар «Алтын алқалы» болды

ken-zhyloi.kz

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған «Алғыс айту – парызым» атты мерекелік шара өтті.

⠀ 2016 жылғы 14 қаңтарда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын.

⠀ -Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске жақсылықпен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің қашанда келешегі кемел болары анық. ⠀

Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз көп болсын. Сіздерді елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған айтулы мерекемен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін,- деді аудан әкімі Халел Жамалов.

⠀ Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 5 ақпандағы №504 Жарлығы бойынша аудан әкімі Халел Жамалов "Алтын алқа" және "Күміс алқа" наградаларымен ⠀

1. Ахаева Гульмира Жангереевна «Алтын алқа»

2. Доспаева Нургуль Амирхановна «Алтын алқа»

3. Омарова Жадра Калабаевна «Алтын алқа»

4. Аманжолова Маржангул Кожаковна «Күміс алқа»

5. Дуйсенбаева Райхан Алибаевна «Күміс алқа»

6. Жұмаханова Гүлнәр Әминқызы «Күміс алқа»

7. Искакова Алмагул Саттигуловна «Күміс алқа»

8. Калдыбаева Гулден Гинаятовна «Күміс алқа»

9. Қонарова Мереке Сүндетқызы «Күміс алқа»

10. Рсалиева Жулдыз Батыровна «Күміс алқа»

11. Тажаякова Шолпан Сагиевна «Күміс алқа» марапатталды. ⠀

Бұдан соң ауданның дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бір топ қызметкерлерді Жылыой ауданы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. (Қала, кент, ауылдық округ дәрігерлері, тазалық, аудандық жедел жәрдем, халыққа қызмет көрсету орталығы, Жылыойсу қызметкерлері және мектеп мұғалімдері)

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT