Алғыс айтамыз!

Жарық көргеніне 90 жылға таяған аудандық қоғамдық-саяси "Кең Жылой" газеті қашан да бұқара мен жергілікті билік арасын байланыстырушы көпір болды.

Тарихы Ұлы Отан соғысынан бұрын бастау алған жергілікті басылым мұнайлы өлкедегі күрмеуі қиын мәселелердің шешілуіне өзінің айтарлықтай ықпалын тигізді. XXI ғасыр-жаһандану дәуірі.Әлеуметтік желінің күннен-күнге қарыштап дамып келе жатқан уақыты. Көзі қарақты оқырман күнделікті ақпаратты әлеуметтік желідегі түрлі сайттар арқылы, жедел оқып үлгереді.Дегенмен, ондағы дереккөздер мен мәліметтердің барлығы бірдей шындыққа жанаса бермейді.Халық үшін дәстүрлі басылымның орны ерекше.Өйткені, оқырман салмақты ойды,ресми ақпаратты жергілікті баспасөзден ғана көре алады.


Қазіргі таңда, ауданның шежіресі,туған жердің айнасы "Кең Жылой" газетіне 2022 жылға жазылу жүріп жатыр. Газетке жазылу науқанында Теңіз кенішіндегі белді мекемелердің бірі "Консолидейтед Контрактигг Инжиниринг Прокьюримент С.А. Л- ОФШОР" демеушілік көрсетіп, 100 оқырманды басылымға  жазуға ықпал етті.Олардың қатарында,аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандар, ардагерлер мен тұрмысы төмен отбасылар бар.


Әлеуметтік жағдайына,денсаулық ерекшелігіне қарамастан барлық жылыойлық ауданның дер кезінде жаңалығынан хабардар болуға құқылы. Осы ретте, мәнді де,мағыналы,халыққа ең қажетті ақпаратты уақытында білуге жағдай жасап, ойлы оқырманды газетке тегін жазып берген аталған мекеме басшылығына зор алғыс білдіреміз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521