«Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы 1510 гектар аумақтағы ашық өрт толық оқшауланды

18 маусым сағат 23:00-дегі жағдай 

бойынша ақпарат

 «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватындағы 1510 гектар аумақтағы ашық өрт толық оқшауланды. Қазіргі уақытта кей жерлерде қамыс бықсу байқалуда. 

 

Оқиға орнында Атырау облысының әкімі өрт сөндіру жұмыстарына қамтылған күштердің қызметін үйлестіруді жалғастыруда.

 

Айта кетейік, өртті сөндіруге 150-ге жуық адам мен 50-ге тарта техника тартылды. Аталған жұмыстарға Төтенше жағдайлар департаменті, «Ақжайық» МТР, орман шаруашылығының мамандары және арнайы мекемелердің өкілдері қатысуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT