Акция аясында

Акция кезінде, сондай-ақ, 85 рет арнайы рейд ұйымдастырылды.

Аудандық білім бөлімінің мәліметіне қарағанда, биылғы «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру кезінде аудандағы 20 мектептен 784 оқушының әлеуметтік көмекке мұқтаж екендігі анықталған. Акция аясында оқу орындарында «Балаларға бірге көмек берейік!», «Ауыл балаларына – мектепке сыйлықтар», «Отбасы отбасыға көмек көрсетеді: балаларды мектепке дайындаймыз!» деген ұранмен қайырымдылық көмектері ұйымдастырылды.

Қайырымдылық акциясында «Теңізшевройл», «Жас ұрпақ», «Орлан», «Hanali», «KTL» ЖШС-лері, «Ембімұнайгаз» АҚ секілді компаниялармен қатар «Нұр Отан» партиясы, «Ақтан» сауда үйі, ТШО-ның Теңіз еріктілері көшбасшысы Таня Гаудри мен әйелдер қауымдастығы тобының еріктілері, жеке кәсіпкерлер, Жылыой мұсылмандары орталық мешіті және басқалар белсенділік танытты. Нәтижесінде барлығы 833 оқушыға 9 млн. 311 мың 292 теңгенің қайырымдылық көмегі көрсетілді. Оның 342 мың теңгесі бюджет есебінен шығып, ол 45 баланы қамтыды.

Акция кезінде, сондай-ақ, 85 рет арнайы рейд ұйымдастырылды. Оған құзырлы органнан 109 адам қатысты. Қорытындысында жағдайының жоқтығынан мектепке бара алмай отырған оқушылар анықталмады.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз