Ақпараттық жүйе және әлеуметтік желімен жасалатын қылмыс

Елімізде соңғы жылдары ақпараттық жүйелерді және әлеуметтік желілерді пайдалану жолымен жүзеге асырылатын алаяқтық қылмыс деректері жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күннің өзінде біздің ауданымызда а.ж өткен мерзімінде 105 алаяқтық қылмысы тіркелсе, оның ішінде 56-сы интернет-алаяқтық қылмысы, ал 2021 жылы 158 алаяқтық қылмысы тіркеліп, оның ішінде 83-і интернет-алаяқтық қылмысы болып отыр. Аталған қылмыстық әрекет алаяқтардың түрлі ақпараттық жүйелерді және әлеуметтік желілерді пайдаланудың түрлі әдістермен жүзеге асырылады.

Мысалы, белгісіз адамдардың өздерін әр түрлі банктің қызметкерімен деп таныстырып, сол арқылы жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның жеке бас деректеріне қол жеткізіп, ғаламтор арқылы несие рәсімдеуі арқылы жасалады. Оған қоса, интернет-алаяқтықтың кең тараған түрі желідегі сауда алаңдарында таралатын түрлі хабарландырулардан басталуы. Ол «ОЛХ.кз», «GoSauda» сияқты әр түрлі жарнамалық қосымшалардан тауар немесе қызмет түрін жәбірленушілерге арзан бағамен ұсыну арқылы тез жеткізілуімен қызықтырады. Сөйтіп сатып алушыға алдын ала толық немесе жартылай төлем жасауды өтініп, үшінші адамдардың шотына ақша аудартады. Осылайша, алаяқтар жәбірленушілердің сенімін теріс пайдалану жолымен оларды өз пайдасына асырады.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі чаттарға тіркеліп, сол жерде таралатын жалған хабарламаларға сенім білдіріп, ақшаларын үстем ақы пайызбен қайтарып алатыны туралы жалған ақпаратқа сенім білдіріп, алданып қалу себебінен туындайды. Мысалы, 10.07.2021 жылы Жоламанова Нұрзия бөтеннің мүлкін екі немесе оданда көп адамға қатысты алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке ақшаны иемдену пиғылы туындап, туған апасы Жоламанова Гүлмираның жұмыс орнына барып, өз әңгімесінде «Whats App» мессенджеріне «25 мың бытовая техника» атты чат топтамасын құрып, адамдардан алаяқтық тәсілмен ақша жинау керектігін айтып, бірнеше адамды алаяқтық жолмен алдаған. Осы дерек бойынша аудандық ПБ-мен ҚК-тің 190-бабы 2-бөлігінің 4) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, іс материалдары сотқа жолданып, қазіргі уақытта сотта қаралу сатысында. Алайда, осы санаттағы кейбір қылмыстық істер бойынша сотпен бас бостандығынан айыру және бас бостандығынан шектеу жазалары тағайындалған. Мысалы, 2021 жылдың наурыз айының тергеумен анықталмаған күні Қажманова Бибігүл ватсап мессенджері әлеуметтік желісі арқылы «Инфо-Чат», «Вклад Чат» атты топ ашып, топқа қосылушыларға қандай көлемде болсын салған ақшаларын қосымша үстем ақы пайызбен қайтарып беретіні туралы жалған айтып, маркетинг жүргізіп, бөтеннің мүлкін жымқыру немесе алдау не сенімді теріс пайдалану жолымен бірнеше қосылушылардың ақшасын «Kaspi Bank» АҚ-ның Kaspi Gold есеп шотына аудартып, кері қайтармаған. Аталған дерек бойынша Қажманова Бибігүлге 2021 жылдың 29 желтоқсанында Жылыой аудандық сотының үкімімен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.

Осыған ұқсас, 2021 жылдың 20-шы шілде күні Бозжанов Таласбек «Whats App» әлеуметтік желісіне «10 000 теңге салсаң, 100 000 теңге етіп аласың» атты жалған чат топтамасын ашып, оған тіркелген адамдардың ақшаларын өзінің інісі Бозжанов Талапбектің «Kaspi Bank» АҚ-нан ашылған есеп шотына аудартып, кері қайтармай, алаяқтық қылмыстық құқық бұзушылығын жүзеге асырған. Осылайша, Бозжанов Таласбек «Whats App» әлеуметтік желісін пайдалана отырып жәбірленушілерге жалған ақпарат тарату арқылы олардың сеніміне кіре отырып, оларға барлығы 1 200 000 теңге материалдық залал келтіре отырып, өзінің алаяқтық қылмыстық әрекетін жасаған. Алайда, 2022 жылдың 4 сәуірінде Жылыой аудандық сотының үкімімен Бозжанов Таласбекке 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жалпы осындай қылмыстар бойынша 2021 жыл мен аталған жылдың өткен мерзімінде алаяқтық деректер бойынша, оның ішінде интернет-алаяқтық дерегімен барлығы 7 тұлғаға қылмыстық істер сотқа жолданып, оларға 3 жылдан 5 жыл мерзім аралығында бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Қазіргі уақытта ауданымызда аудандық полиция бөлімі және жергілікті атқарушы органдар тарапынан интернет-алаяқтық қылмыс деректерінің алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда арнайы билдбордтар ілініп, бейне материалдар түсіріліп, әлеуметтік желілерге таратылып, бірқатар профилактикалық шаралар жүзеге асырылуда.

Қортындылай келе, халық осындай ақпараттық желілерде таралатын түрлі жарнамалардан тауар сатып алу және әлеуметтік желімен жалған чаттарға тіркелу кезінде өзіне қатысты тың деректерді жарияламастан бұрын алдын ала сақтануды ескеру қажет.

Жылыой ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521