Ақкиізтоғайда тойланған әз-наурыз

Ақкиізтоғай ауылдық округі әкімдігінің ұйымдастыруымен "Армысың, әз-Наурыз" атты мерекелік шара өтті.

Аталмыш шараны №10 Амангелді атындағы орта мектептің мұғалімдерінің қатысуымен өткен сахналық қойылыммен басталды. Яғни, көрісу, сәбиді қырқынан шығару, ит қуу секілді салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылар кеңінен насихатталды.

Бастауыш сынып мұғалімі А.Ашықбаеваның жетекшілігімен дайындалған бишілер ансамблі "Әке толғауы" және "Батырлар" биімен өнер көрсетті. Мектебіміздің өнерпаз оқушылары күйден шашу шашып, бұлбұлша ән шырқады. №2 Балалар және спорт мектебінің ұйымдастыруымен арқан тартыс, кір тасын көтеру, қол күшін сынасудан спорттық сайыстар өтті. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ауыл әкімі Қ.Қалдығұлұлы ауыл халқын мерекемен құттықтап, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген мектеп мұғалімдерін, оқушыларды, ауыл белсенділерін Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ, әйелдер арасында тоғызқұмалақтан ұйымдастырылған жарыстан мектебіміздің мұғалімдері А.Ашықбаева мен А.Мерубаева ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521