Ахуал әлі де болса күрделі

Ауданға облыс әкімі Серік Шәпкенов пен Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкін келіп, төнген қауіпті сейілту үшін жиналыс өткізілді. Ауыл ақсақалдары да өз ақылдарын айтты.
Осы орайда аудандық Төтенше Жағдайлар бөлімінің басшысы Әділет мырзамен сұхбаттастық:

«Қазіргі таңда қауіп әлі бар. Құлсары қаласындағы Құрсай өзенінің өзегіндегі аумақтардың барлығында қауіп сейілген жоқ. Дегенмен, аудан тұрғындарын дүрбелеңге салынбай, тек ресми ақпараттарға сенуге шақырамыз. Аудан көлемінде 40-қа жуық техника мен тиісті бөлім қызметкерлері және еріктілер апаттың алдын алу үшін бар күшін салуда»,- деді өз сөзінде.

Қазіргі уақытта Атырау-Құлсары тасжолының кей жерлерін су басқаны мәлім болды. Құр Жем өзенінің жалпы биіктігі 3 м болса, оның 2,6 м толып тұр.

Су тасқынын болдырмау үшін қарқынды жұмыстар жасалуда. Оған аудан тұрғындары белсене атсалысуда.
Ерназ Алтайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521