Қайырымдылық марафоны жалғасын тапты

Жылыой ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында "30 игі іс" қайырымдылық марафоны өтті.

⠀ Қайырымдылық шарада Жылыой ауданының әкімі Халел Жамалов құттықтау сөз сөйлеп, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж жандарға 15 000 теңгелік сертификатты табыстады. ⠀

- Баршаңызды алдымен 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында мерекенің игіліктерін әрбір отандасымыз күнделікті тіршілігінде сезіну мақсатында облыс әкімі М.Досмұхамбетовтың қолдауымен “30 ҚАЙЫРЫМДЫ ИГІ ІС ” марафоны басталған болатын. ⠀

Осы шара аясында 3 мамыр күні 292 көмекке мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі мұқтаж азаматтарға 15 000 теңгелік сертификат табысталу көзделді. Осы орайда, бүгін арнайы кіші концерттік бағдарламамен 40-қа жуық азаматтарымызға жақсы көңіл күй сыйлап, табыстауды жөн көрдік. ⠀

Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, сәттілік пен күш-қайрат тілеймін,- деді Халел Жамалов.

Жылыой ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521