Қайырымдылық баршаға (+фото)

Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз.

Қосшағыл ауылдық округі әкімдігінің мұрындық болуымен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының қолдауымен ауылдағы мәдениет үйінде қайырымдылық шарасы өтті. Шараға ауыл мен Құлсары қаласындағы бір топ ерекше балалар қатысты. Қаладағы балалар ата-аналарымен бірге «Кең Жылыой» мәдениет үйінің автобусымен жеткізілді. Балалардың қауіпсіздігін аудандық ішкі істер бөліміне қарасты жол-патрульдік полиция қызметкерлері қамтамасыз етті.

Мәдениет үйіндегі қайырымдылық концертін ауыл әкімі Саян Баселов құттықтау сөзімен ашты.

koshagyl5

Ауыл мешітінің имамы Теңел қажы Айдарбекұлы ақ батасын берді. Балалар «Кең Жылыой» мәдениет үйі мен ауыл өнерпаздарының ұйымдастыруымен концерт тамашалап, сахнада өз өнерлерін де көрсетті. Ән айтып, би билеп бір серпіліп қалды. Мәдениет үйінде ауылдағы жас кәсіпкерлердің демеушілігімен дастархан жайылып, қонақтарға түстік берілді. Дастархан басында ауыл ақсақалдары балаларға денсаулық тілеп, ақ баталарын берді.

koshagyl4

Ата-аналар ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, өз тілектерін айтты.

Одан кейін шара жалғасын тауып, балаларға ауданымыздағы «Zhas Project» жобасына қатысушылары сыйлықтарын ұсынды. Атап айтсақ жобаға қатысушылар өздері өндіріп жатқан торт, түрлі тәттілер, сүт пен сүт өнімдерін тегін таратты.

koshagyl8

koshagyl6

Сонымен қатар ертегі кейіпкерлерінің киімін киген жобаға қатысушылар балалармен ойын ойнап, суретке түсті. Суреттер балаларға тегін таратылды.

Иппотерапиямен айналысып жүрген жобаға қатысушы Бекзат Бекболатов шараға арнайы аттарын алып келген екен.

koshagyl2

Ауданымыздағы құсбегілік өнерімен айналысып жүрген Еламан Ордабаев пен Асылхан Жолболды қос бүркіт пен тазы алып келіп, балалар таң тамаша болып, саятшылармен бірге естелікке суретке түсіп жатты.

koshagyl3

Қызықты шарадан балалар көтеріңкі көңіл күймен оралды.

koshagyl1

-Осындай шараны ұйымдастырып отырған ауыл әкіміне, қолдау көрсетіп жатқан азаматтарға рахмет. Еңбектеріне жеміс тілеймін. Балаларымыз ауырмасын,-дейді Қосшағыл ауылының тұрғыны, зейнеткер Тыным Теміржанова.

-Бізді қаладан осындай шараға алып келіп, қуантып жатқан азаматтарға ризамыз. Концерт тамашалап, балалар ойын ойнап, бір серпіліп қалды. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып тұрса дейміз. Ұйымдастырушыларға рахмет,-дейді Құлсары қаласының тұрғыны Айман Кухатова.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521