Қайырымдылық - асыл қасиет

"Балалық шақтың бал күні" атты мерекелік шарада ән де, би де орындалды.

Жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балаларды қорғау күні мерекесіне орай «Балалық шақтың бал күні» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Орталық директоры А. Қожиева балаларды мерекесімен құттықтап, осы шараға қолдау көрсеткен демеушілерге рахметін айтты. Қанатымен су сепкен қарлығаштай қамқорлық көмегін аямай жүрген демеушілеріміз баршылық. Мерекемізге демеушілік көрсетіп келген «Каспий Банк» ұжымы, «Атырау – ынтымақ» Қоғамдық Бірлестігінің координаторы Альбина Бауыржанқызына, жеке кәсіпкерлер: Утесинов Аманқос, Жаңабаев Айбек, Жұмабекова Дариға, Өришанова Айнұр, Бергалиева Жанаргүл, Жұмағалиева Жанаргүл, Мықтыбаева Жанар, «Әсем-1», «Әсем-2», «Бүлдіршін» балабақшасы ұжымы, «Ұшар би» тобы, Қайнарбаев Тойғали жанұясы, Құлсары мұнай құбырлар басқармасы ұжымы,«Құлсары қайырымды жастар» тобы құттықтау сөздерін айтып, балаларға дайындап келген сыйлықтарын үлестірді.

Орталық тәрбиеленушілері Надырхан Ерасыл мен Арыстанов Исламбек ән шырқап, қыздарымыз «Ромашка», «Қуыршақ» билерін билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар №21, №1 мектеп оқушылары өнерлеріне риза болдық, соның ішінде Қабланбекұлы Айбек, Санжар Маликов, Жанұзақ Берекет, Төлеген Арсен, Мұханов Мұрзаттар орындаған әндер көпшіліктің көңілінен шыға алды. Ата-аналар М.Сүгірова мен Ж.Диқан балаларды ғажайып күйге бөлеген демеушілерге алғыстарын жеткізді.

Өз тілшіміз

m

m

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT