banner_damu

Айыппұл тұрағында жүргізушілермен сабақ өтті

ken-zhyloi.kz

Атырау гарнизонында айыппұл тұрағының аумағында әскери техника жүргізушілерімен және жеке көлік иелерімен сабақ өткізілді. Іс-шара гарнизон әскери полиция бөлімінің қызметкерлерінің бастамасымен өтті.

Оның негізгі мақсаты жол ережесін бұзудың салдарын жүргізушілерге көрсету болды. Әскери полиция қызметкерлері жол оқиғасының қандай жағдайда болғанын және оның салдары туралы ғана айтып қоймай, апаттардан кейін көлік құралдарын да көрсетті.

«Айыппұл тұрағында өткізілген осындай сабақтың нәтижесінде біз әрбір әскери қызметші дұрыс қорытынды жасап, жолаққа шыққанда өте мұқият болады деп үміттенеміз, өйткені өзіне деген сенімділіктің шамадан тыс артып кетуі немесе жол ережелерін елемеу өте үлкен зардап алып келуі мүмкін» - деді гарнизон әскери полиция бөлімінің орынбасары, әділет майоры Дархан Бақытбек.

Сабақ соңында әскери полиция қызметкерлері әскери қызметшілермен әңгіме жүргізіп, нұсқаулықтары бар естелік парақшаларын таратты.

ҚР ҚМ Атырау гарнизоны бойынша баспасөз қызметі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика