Айтыскер ақын – мәдениет саласының үздігі

Айтыскер ақын – мәдениет саласының үздігі
Фото: Е.Ахметкәрімов

Астанадан ақжолтай хабар жетіп, жылыойлық айтыскер, облыстық мәслихат депутаты, «Асыл домбыра» иегері Сырымбек Сәрсембаев «ҚР мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Сырымбек Сәрсембаев – елімізге танымал айтыскер, облыстық, республикалық жыр додаларының жеңімпазы. Сондай-ақ, ол республикалық «Асыл домбыра» ақындар айтысына екі жыл қатарынан қатысып, жүлделі оралған болатын. Ал 2022 жылы командалық есепте жүлделі 2-орын иеленіп, «Асыл домбыраны» жеңіп алды.

Дүлдүл ақынның, сондай-ақ, қоғамдық-саяси шараларға белсене қатысып, Жылыой жұртының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап жүрген арқалы азамат екенін жақсы білеміз. Бүгінде облыстық мәслихаттың депутаты С.Сәрсембаев қоғамда қордаланған проблемаларды шешуге үлес қосып жүр. Сахнада шабыты шалқыған айтыскер өнерде ғана емес, мінберлерде де мемлекет мүддесі үшін сөз сөйлейді. Жерлесімізді марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақыттарда ел үшін аянбай еңбек етеді деп сенеміз.

Ерназ АЛТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521