Қайтыс болған адамның зейнетақы жинағы кімдерге тиесілі?

БЖЗҚ

Сұрақ-жауап

Салымшы қайтыс болған жағдайда зейнетақы жинақтары мұраға қалдырыла ма?

Жеке зейнетақы шоттарында жинақталған ақша салымшының (алушының) меншігі болып табылады және ол қайтыс болған жағдайда да Қорда мерзімсіз уақыт бойына сақталады. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31, 32, 33-баптарына сәйкес міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, оның зейнетақы жинағы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.

Зейнетақы жинақтарын мұраға қалдыру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған немесе бүкіл мұраның тағдырын айқындай алмаған, сондай-ақ, азаматтық заңнамада белгіленген өзге де жағдайларда да зейнетақы жинағы заң бойынша мұрагерлікке берілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес мұраны алу үшін мұрагер мұраны ашу орны бойынша нотариусқа немесе заңға сәйкес мұраға құқық туралы куәлік беруге уәкілетті адамға, мұраны қабылдау туралы не мұраға құқық туралы куәлік беру туралы өтініш беру арқылы қабылдауы тиіс. Мұра ашылған күннен бастап алты ай ішінде, яғни мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты ай ішінде қабылдануы мүмкін.

Садешова Галия,

Құлсары қаласындағы ҚКО бастығы

Атырау облыстық филиалы, "БЖЗҚ" АҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз