Аймақта «Жасыл ел» еңбек жасағының ХХ маусымы қорытындыланды

Биыл 16-35 жас аралығындағы 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Маусым бойы үздік қызмет еткен жастар 10 номинация бойынша облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

-Аудан және қаладағы белсенді жастар 85 мың теңге жалақыға еңбек етті. Биыл өңірдегі төтенше жағдайға байланысты жастарымыз Құлсары қаласында салынып жатқан үй құрылысына өз үлестерін қосты. Еңбек маусымында жастар арасында түрлі тренингтер ұйымдастырылып, «TrushtagAtyrau» және қала мен ауданда «UpgradeAtyrau» акциясы өтті, - деді «Инфо Орталық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Заманбек Құрақбай.

Анықтама үшін: «Жасыл ел» сарбаздары 7 ауданда еңбек етті. Құрманғазы ауданы – 170 адам, Қызылқоға ауданы – 150 адам, Исатай ауданы – 100 адам, Индер ауданы – 124 адам, Мақат ауданы – 50 адам, Махамбет ауданы – 140 адам, Жылыой ауданы – 135 адам, Атырау қаласы – 131 адам.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT