Аймақтағы 132 елді мекен ауыз сумен қамтылмақ

Атырау облысы бойынша халықтың 98,3 пайызы ауыз сумен қамтылған

Бүгінде ауылды аймақтардағы 153 елді мекеннің 121 елді мекеніне таза ауыз су жүйесі тартылып, сумен қамту көрсеткіші 79 пайызды құрап отыр, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылы басқа да елді мекендерді таза ауыз суымен қамтамасыз ету үшін 689,197 млн. теңге қаржы бөлінген. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда аталған қаражатқа өңірдегі 10 елді мекеннің құрылыс жұмыстары іске асырылуда.

sumenkamtu1

- Күні бүгін 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Атап айтсақ, олар Индер ауданы Қызылжар, Ақтан елді мекендеріндегі су жүйесінің құрылысы және Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы, Жұмекен ауылындағы Дәулеткерей, Көнеу елді мекендеріндегі су жүйелерінің құрылысы. Бұдан басқа Құрманғазы ауданы "Астрахань-Ганюшкино-Маңғышлақ" су құбырынан Ганюшкин, Нұржау, Орлы, Кадырка, Жұмекен, Дәшін ауылында орналасқан су тазарту имаратына қосу үшін жергілікті бюджеттен 392, 919 млн.теңге қаржы бөлінді.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 6 елді мекенге жобалау жұмыстары жасақталып, құжаттары дайын тұр, - дейді Мұрат Иғалиев.

Айта кетейік, аталған жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылғанда, өңірдегі 153 ауылдық елді мекеннің 132 елді мекені немесе халықтың 99,1 пайызы таза ауыз суымен қамтамасыз етілетін болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз