Аймақта құрылыс қарқын алды

ken-zhyloi.kz

​ Бұл туралы брифинг барысында облыстық құрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Зайнолла Маненов айтты, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. ​

Бүгінде облыс аумағында көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Құрылыс саласының басты бағыттарының бірі – әлеуметтік, яғни, денсаулық сақтау және білім беру нысандар құрылысы қарқынды жүруде. Өткен жылы бюджет қаражаты есебінен 27, ал, демеушілік арқылы 13 нысан пайдалануға берілген.

– Білім саласы бойынша айтсақ, 1130 орындық төрт балабақша (Мұрагер ықшамауданында 280, Берекеде 280, Ақкөлде 290, Доссорда 280 орындық),​ Рембаза ауылында 300 орындық мектеп, Құлсары қаласында кітапхана, Нұрсая мөлтекауданында оқушылар және жастар сарайы, Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясына 250 орындық жапсаржай, 860 орындық​ жеті жатақхана (индустриалды, көлік және коммуникация, политехникалық, энергетика және құрылыс, Индер көпбейінді ауылшаруашылық, Құлсары мұнай және газ колледждері) ел игіліне берілді, - деді спикер.

Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласында 11, мәдениет саласы бойынша үш (Түркістан қаласындағы Ұлы Дала орталығы, Ақжар және Еркінқала селосында әрқайысысы 200 орындық мәдениет үйі) нысан пайдалануға берілген. Ал, Атырау қаласында Тутұғыр тұрғызылып,​ Бейбарыс даңғылынан жастар саябағына дейінгі жағалау​ мен Құрсай өзені абаттандырылған және Жастар саябағы мен әкімшілік ғимараттар салынып отыр. Алғабас-Жорық каналы қайта жаңғыртылды. Мақат поселкесінде өнімділігі тәулігіне 3000 кубометр кәрізді тазарткыш ғимараты пайдалануға берілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521