Аймақта байқаушылар алдағы сайлауға дайындықты бастады

Облыс бойынша байқаушылардың партиялық емес бірлестігі ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

25 шілде республика бойынша аудан және ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл жолғы сайлаудағы ерекшелік - әкімдерді халықтың өзі сайлайды. Партиялық емес байқау орталығының басшысы Дәурен Сейтқалиевтің айтуынша, қазір сайлау уческелеріне бақылаушыларды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

- Біздің негізгі мақсатымыз – сайлаудың әділ өтуі. Атырау облысы бойынша 36 сайлау учаскесі, оның ішінде қалада 7, аудан бойынша 29 сайлау учаскесі бар. Облыс бойынша 150-ге жуық байқаушы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Сайлау ережелеріне сай байқаушыларға арналған семинар-тренинг оқыту іс-шаралары өтеді, – деді Дәурен Сейтқалиев.

Сайлау күні бізбен бірге уческелерге барып, байқаушы боламын деген кез келген ерікті азамат алдын ала тіркеуден өтуі қажет. Байқаушыларды тіркеу «Студенттер» даңғылы, 211 «а» (Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжі ғимараты) мекен-жайында жүргізіледі.

Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика