Аймақта 107 340 адамға жәрдемақы төленді

Жеке куәлігінің мерзімі өткендер әлеуметтік көмек ала ма?​

Жеке куәлігінің мерзімі карантин кезінде өтіп кеткен азаматтар жәрдемақы тиесілі болған жағдайда тиісті орындарға өтінім бере алады.

Бұл туралы ​ Жергілікті өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте Атырау облысы бойынша ​ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшысы Алмагүл Шатенова хабарлады.​

"42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы тиесілі санаттағы азаматтың жеке куәлігінің мерзімі карантин жарияланғаннан өтіп кеткен болса, мұндай жағдайда ​ жәрдемақы тағайындалады.​ Ал, карантинге дейін куәлік мерзімі өткендерге ​ төлем төленбейді" деп атап өтті спикер.​

Сондай ақ, Алмагүл Шатенова қандай жағдайда әлеуметтік көмектің берілмейтініне түсінік берді.

"Мемлекет тарапынан тағайындалған жәрдемақы бірнеше жерде жұмыс жасап жүргендерге және соңғы бір жыл бойына ешқандай ​ әлеуметтік төлем төлем, зейнетақы төлемдері түспеген азаматтарға берілмейді.​

Және карантин кезінде қайта жұмысқа шыққан азаматтарға немесе адам қайтыс болған жағдайда әлеуметтік ​ төлем толықтай тоқтатылады" деп нақтылады спикер.

Қазіргі таңда Атырау облысы бойынша әлеуметтік төлем бойынша бір күнде 10-15 мың өтінім қаралуда.​

Еске сала кетелік, күні бүгінге дейін Атырауда 107 340 адамға 42 500 теңге көлеміндегі жәрдемақы төленді.​

Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды

қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521